«Мақат-Доссор» жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда

31936764 456372814797390 23850511740436480 n Жаңалықтар

Атырау облысында «Мақат-Доссор» жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

31936764_456372814797390_23850511740436480_n

«Мақат-Доссор» жолын қалпына келтіру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Тапсырыс беруші – ҚР автокөлік жолдары комитеті. «Ақтөбе-Атырау» автокөлік жолының 487-504 шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия даму банкі есебінен жүруде. Бөлінген қаржының жалпы сомасы 3,3 млрд теңге, 2018 жылы қалпына келтіруге 2,5 млрд теңге қаралды. Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып, жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47 адам жұмылдырылды, – дейді «Атыраужолзертханасы» РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.

Бүгінде «Атырау-Астрахань» жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277 км-ге жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. Бұл «Ислам» даму банкімен келісім-шарт бекітілуде. Жақын арада жоба қаржыландырылады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз