Жарнама
Жаңалықтар

Жалған сүт өнімдерінің тізімі жарияланды

Бірқатар өндірушілер өндірген сүт өнімдеріне жүргізілген сараптама «Аdal», «Одари» және «Шадринское» маркалы сүт өнімдерінің жалған екенін көрсетті.

lori-0003871867-bigwww

Бұл туралы «Сапа» Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық ұйым» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Әлиақпар Мәтішев мәлімдеді.

«Естеріңізде болса, біз сүт өнімдеріне сараптама жасап, нәтижесін жариялаған едік. «Аdal», «Одари» және «Шадринское» маркалы сүт өнімдері жалған болып шықты», – деп жазды Мәтішев Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның сөзінше, сараптаманың алғашқы нәтижелері жарияланғаннан кейін, «Одари» фирмасының өнімдеріне қатысты сараптама нәтижесіне күмән келтіріліп, қайта сараптама жасалыпты.

«Біз өнімдерді дұрыс зерттемегеніміз, зертханалардың тіркелмегені, әдістің дұрыс еместігі және әлдекімдердің тапсырамасын орындап жүргеніміз жөнінде түрлі сыни пікірлер естідік. Сондықтан сараптама нәтижелерін қайта тексеріп, «Одари» маркалы сүт өнімдеріне қайта сараптама жасауды жөн көрдік. Біз қателескен жағдайда, кешірім сұрауға әзір болдық», – дейді бірлестік өкілі.

Алғашқы сараптама Алматыда жүргізілсе, екіншісі Астана қаласында жасалыпты.

«Екінші сараптама нәтижесі де «Одари» маркалы сүтінің нағыз жалған сүт өнімі екенін көрсетті. Және сараптама нәтижесі сүт өнімінің қаптамасында жазылған «қалыптандырылған, пайдалы әрі дәмді екені жөніндегі мәліметпен» сәйкеспейді. Бұл сүт тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына зиян әрі қауіпті», – деп жазды Мәтішев.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button