Жарнама
Жаңалықтар

Жайықтың көтерілуі бәсеңдей бастады

Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданының Индербор кенті тұсында бір тәулікте 7 сантиметрге көтеріліп, 1033 сантиметрге жетті.

Қауіпті деңгейден 188 сантиметрге көп. Жергілікті гидрологтардың мәліметіне сенсек, Махамбет кентіндегі гидропостта су 16 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 955 сантиметрді құрады. Мұнда қауіпті деңгейден 105 сантиметрге артық. Ал Атырау қаласында өзен суы бір тәулікте 5 сантиметрге өсіп, 538 сантиметрді көрсетті. Қауіпті деңгей — 550 см. Айтпақшы, Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидропостында 2 сантиметрге төмендеді. Котяевка ауылы тұсында өзен деңгейі бірқалыпты болса, Ганюшкино ауылында гидро бекетте 1 сантиметрге көтерілді. Мұнда келетін Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 810 текше метр су жіберілуде.
Ал Жем өзені бір тәулікте 3 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button