Жарнама
Қоғам

Жайық жағасындағы туризмнің әлеуеті артса игі

Бүгінде Атырау облысының туризм саласында қолға алынып жатқан бастамаларды ерекше қолдаймын. Өңірдегі Каспий теңізі жағалауы, Жайық өзені, «Ақжайық» мемлекеттік резерваты сынды табиғи құндылықтар мен Сарайшық қалашығы, Махамбет Өтемісұлы мемориалдық кешені тәрізді басқа да бірқатар тарихи нысанның туризм әлеуетін арттырудағы маңызы зор.

Атырау өңірі – табиғат пен тарих тоғысқан мекен. Сондықтан, туризмді дамытуға бағытталған жобаларды көбейту өңір экономикасын нығайтып, туристерге қызықты бағыттар ұсынуға мүмкіндік береді деп санаймын. Әсіресе, экотуризмді ілгерілету, жергілікті инфрақұрылымды жетілдіру және тарихи-мәдени орындарды насихаттау жұмыстары туризмнің дамуына серпін береді.

Сонымен қатар, Индер көлінің емдік қасиетін кеңінен таныту, оның негізінде шипажайлар құру – туризмнің жаңа бағытын қалыптастырады деп ойлаймын. Мұндай бастамалар тек туристерді тартумен шектелмей, жергілікті халыққа да пайдасын тигізері сөзсіз.

Қаладағы және аудандардағы туризм нысандарын дамыту бойынша нақты жоспарлар қажет. Бұл ретте, жолдардың сапасын жақсарту, туристік нысандарға апаратын бағыттардың белгіленуі, қызмет көрсету сапасының шет елдердегідей артуы сынды мәселелерге айрықша назар аударылса, Атырау облысы еліміздің ғана емес, шетелдік туристердің де назарын өзіне аударары анық.

Атырау туризмі – болашағы жарқын сала. Біз осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, облысты Қазақстанның ғана емес, халықаралық деңгейдегі туристік орталықтардың бірі ретінде танытуымыз керек. Ал бұл жолда қазірден бастарп жүйелі әрі сапалы жұмыс қолға алынуға тиіс.

Надежда МЫРЗАҒАЛИЕВА,
туризм жанашыры, «Sat sapar travel» саяхат агенттігінің жетекшісі

Related Articles

One Comment

  1. Толығымен келісемін, туризм саласында жүргендерге мемлекеттен қолдау болса, өңіріміз гүлденгеннің үстіне гүлденер еді. “Sat sapar travel” тек алға

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button