Жайық жағалауына 15 бейнекамера орнатылады

c3feayou 870x400 1 Жаңалықтар

Бірінші сәуірде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталады. Жайық өзенінің жағалауларында балық аулау заңнамасының ықтимал құқық бұзушылықтарын тіркейтін 15 бейнекамера орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахияновтың айтуынша, 31 мамырға дейін созылатын акцияға барлығы 1177 қызметкер жұмылдырылады. Оның 374-і Атырау, 254-і Батыс Қазақстан және 549-ы Маңғыстау облыстарынан қатысады.

Бұл мамандар 80 қайықпен және шағын көлемді жүзу құралдарымен, 254 автокөлік және квадрациклмен, сондай-ақ 6 дронмен қамтамасыз етілмек. Ал шекарашылар жағалаудағы 3 радиолокациялық станцияны пайдаланады.

Айта кету керек, былтыр «Бекіре-2023» балық қорғау акциясын өткізу кезінде 972 құқық бұзушылық анықталып, 669 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 95 адамның ісі сотпен қаралып, 36 қылмыстық іс қозғалды, жалпы сомасы 15,7 млн. теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 68,3 тонна балық алынды. Нәтижесінде бір тонна бекіре тұқымдас балық, 29,5 кг қара уылдырық, 1038 түрлі балық аулау, 89 жүзу және көлік құралы тәркіленді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз