Атырауда екі тәулікте 6 мың текше метр су сорылды

IMG 20190418 WA0016 Жаңалықтар

Аtr.kz/18 сәуір, 2019 жыл. Атырауда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта Атырау қаласының көшелерін тазалауға 5 трактор, 3 камаз көлігі жұмылдырылды. Қаланың  оң  жақ  жағалауында 9 ваккумды көлік қар аралас жауын суын соруда. Жол бойын тазалауға «Арнаулы автобаза» мекемесінің  290 қызметкері жұмылдырылды.  

57325118 796016164114202 6836511186930892800 n

«Өткен түні 420 текше метр су сорылды. Осылайша, екі тәулікте қаладан 6 мың текше метр су сорылды» дейді «Арнаулы автобаза» мекемесінің  директоры Алмас Ізтілеуов.

Еске сала кетелік, Атыраудағы нөсер жауынның соңы бүгін қарлы боранға ұласты.

57811505 796054457443706 3822097675952586752 o

Қала тұрғындары су басқан көшелер туралы  8 (7122) 29 – 12 – 93,  8 (7122) 29-01-37 телефон нөмірлеріне және Телеграммдағы «Атырау облысы әкімдігі» чат-каналына хабарлама қалдыра алады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз