Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Жайық өзенінде шомылып жүргендер анықталды

Атырауда мезгілсіз уақытта Жайық өзеніне түскендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

26 наурыз күні сағат 14:43 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Жайық жағалауында белгісіз адамдардың суға түсіп жатқандығын байқап, дереу учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Бұл туралы Atr.kz тілшісіне облыстық ПД өкілі Мейірім Ердәулет хабарлады.

Тәртіп сақшылары тексеру кезінде белгіленбеген жерде суға түскен 1989 және 1980 жылдары туылған екі ер азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабымен (тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға суға шомылу маусымы басталмағандығын, сол себепті суға түсудің қауіпті әрі оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екендігін қатаң түрде ескертеді.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button