Жарнама
Жаңалықтар

Жайық өзенінде иесіз ау алынды

Жуырда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Балық шаруашылығы және ихтиология мамандығының IV курс студенттерімен бірлесіп, кезекті рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында иесіз ау құралы анықталып, су бетіне шығарылды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Гүлнұр Əбдіғалиеваның хабарлауынша, рейд Атырау қаласы Дамбы ауылы маңындағы Жайық өзенінде «КС-110» күзет кемесімен жүзеге асырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – заңсыз балық аулау әрекеттерінің алдын алу және су айдындарын қорғау.

Рейд кезінде иесіз ау құралы табылып, су бетінен шығарылды. Ау ішінде болған тірі балықтар қайтадан өзенге жіберілді. Оқиға орнында хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.

Сала қызметкерлерінің айтуынша, мұндай рейд жұмыстарына болашақ мамандарды да қатыстыру табиғатты қорғау шараларында олардың тәжірибелік білімін нығайтуда маңызды. Ал Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өкілдері заңсыз балық аулауға қарсы күресті тұрақты түрде жалғастыра береді.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button