Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 80-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық беріп келеді.

Аталған департамент мамандары жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде, соңғы екі жылда 74 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілген екен. Мәселен, негізсіз тәртіптік жазаға тартылған 14 қызметшіге қатысты жасақталған актілердің күштері жойылған. Қызметтеріне бонус төленбеген 4 қызметшінің тиісті қаражаттары аударылған, негізсіз артық жұмысқа тартылған  21 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері берілген. Үстеме жұмысы үшін жеті қызметкерге 294 000 мың теңге мөлшерінде еңбегіне ақы төленген. Сонымен қатар, атқаратын қызметінен заңсыз төмендетілген бір қызметкер лауазымына қайтадан орналастырылып, еңбекақысының айырмасы өтелген.

Бұдан бөлек, департаментке жүгінген Махамбет ауданы әкімдігінің екі бірдей қызметшісінің штаттарының қысқартылуына байланысты ала алмай жүрген 2 миллион теңгеге жуық жәрдемақыларының төлемдері өтелген.

Тиісті мемлекеттік органдардың 25 қызметшісінің еңбекақы төлемдері мен іссапар шығындары бойынша 368 000 мың теңге мөлшеріндегі қаражат сомалары жүргізіліп, қызметшілердің заңнамамен кепілдік берілген әлеуметтік кепілдіктері қорғалыпты.

Қарап отырсақ, мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған жандарға қойылар талап жоғары. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің өмірінде белгілі бір мөлшерде шектеу бар. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған Мұрат Өтешов айтқандай, «ауыл, аудандардың дамуына арналған мемлекеттік бағдарамаларды іске асыратын, оның орындалысына жауапты – мемлекеттік қызметкерлер. Сондықтан, сіздерге жүктелген жауапкершілік қашан да жоғары». 

Шындығында, мемлекеттік қызметші дегеніміз – 24 сағаттық міндет пен жауапкершілік. Себебі, мемлекеттік қызмет – қоғамның саған деген сенімі.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button