Жарнама
Жаңалықтар

Жайық қауіпті деңгейден асты

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінде 884 сантиметрге жетті. Мұнда бір тәулікте су деңгейі 32 сантиметрге өсті. Ал Махамбетте 15 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 861 сантиметрді құрады.

Атырау қаласындағы гидропостта 7 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 496 сантиметр болды. Мұнда қауіпті деңгейге жарты метр қалды. Бұл туралы жергілікті гидролог мамандар мәлімдеді.

Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбайда – 3 см, Котяевкада – 2 см, Ганюшкинода 3 сантиметрге көбейді. Ал мұнда Волгоград гидро бекетінен келетін су секундына 16 220 текше метр көлемінде жіберілуде. Ал Жем өзенінің су деңгейі өзгеріссіз.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button