Жарнама
Жаңалықтар

Жайық деңгейі тағы жарты метрге өсті

БҚО-ның Тайпақ ауылы тұсында Жайық өзенінің суы бір тәулікте 52 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы жергілікті гидрологтар мәлімдеді.

Олардың ақпаратына сүйенсек, Индербор кентіндегі гидропостта 32 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 820 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгей — 845 см. Махамбет кенті маңында су деңгейі 16 сантиметрге көтеріліп, 828 см болды. Мұндағы қауіпті деңгей — 850 см. Ал Атырау қаласының гидропостында бір тәулікте 8 сантиметрге өсіп, жалпы деңгейі 479 сантиметрді құрады. Жайық өзенінің қауіпті деңгейі — 550 см.

Айтпақшы, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидро бекетінде — 4 см, Котяевка мен Ганюшкино ауылдары тұсында 3 сантиметрге көтерілді. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 870 текше метр су төгілуде.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button