Жарнама
Жаңалықтар

Жайық деңгейі Махамбетте 9 метрден асты

БҚО-ның Январцево мен Көшім ауылдары және Орал қаласында су тасқынының мол келуі аяқталуда. Тайпақ ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі өзгеріссіз. Бұл туралы жергілікті гидрологтар мәлімдеді.

Сала мамандарының ақпаратына сүйенсек, Индербор кентіндегі гидропостта 33 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 992 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 147 сантиметрге артық. Махамбет кенті маңында су деңгейі 15 сантиметрге көтеріліп, 908 см болды. Мұнда қауіпті деңгейден 58 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласының гидропостында бір тәулікте 7 сантиметрге өсіп, жалпы деңгейі 522 сантиметрді құрады. Жайық өзенінің қауіпті деңгейі — 550 см.

Айта кету керек, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидро бекетінде — 1 см, Ганюшкино ауылы тұсында 2 сантиметрге көтерілсе, Котяевкада су деңгейі өзгеріссіз. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 760 текше метр су төгілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button