Жаңалықтар
Жайық деңгейі Махамбетте 10 метрге жақындады
БҚО-да су тасқынының кезеңі аяқталып келеді. Қазір онда су деңгейі төмендеуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.
Жергілікті гидрологтардың ақпаратына сүйенсек, Индербор кенті тұсында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 4 сантиметрге төмендеді. Жалпы деңгейі — 1035 см. Махамбет кентіндегі гидропостта өзен суы 7 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 995 сантиметрді құрады. Шекті деңгейден 145 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласындағы гидро бекетте су 4 сантиметрге көбейіп, 557 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 7 сантиметрге артық. Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Қиғаш өзенінің деңгейінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ