Жаңалықтар
Жайық деңгейі бақылауда
Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында төмендеуде. Мұнда бір тәулікте 5 сантиметрге азайды. Қауіпті деңгейден 171 сантиметрге әлі де көп.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының ақпаратына сүйенсек, Махамбет кентінде су деңгейі бір тәулікте 4 сантиметрге көтеріліп, 1015 сантиметрге жетті. Шекті мөлшерден 165 сантиметрге артық. Ал Атырау қаласында өзен суы қауіпті деңгейден 23 сантиметрге асқан. Мұнда бір тәулікте 3 сантиметрге көбейіп, жалпы деңгейі 573 сантиметрді көрсетті. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ