Жарнама
Жаңалықтар

Жайық деңгейі 10 метрден асты

Өзен деңгейі Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті тұсында бір тәулікте 22 сантиметрге көтеріліп, 1014 сантиметрге жетті. Бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден 169 сантиметрге көп.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәлімдеуінше, Махамбет кентіндегі гидропостта су 16 сантиметрге өсіп, 924 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгейден 74 сантиметрге артық. Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 6 сантиметрге артып, 528 см болды. Иректі су қоймасынан 192 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидропостында — 1 см, Ганюшкинода 2 сантиметрге көтерілсе, Котяевкада су деңгейі бір қалыпты. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 840 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзені бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button