Жарнама
Жаңалықтар

Жайық бір тәулікте жарты метрге көтерілді

БҚО-ның Тайпақ ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 55 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Гидрологтардың ақпаратына сүйенсек, Индербор кенті маңында су деңгейі 38 сантиметрге өсіп, бүгінгі көрсеткіш — 788 см. Ондағы қауіпті деңгей — 845 см. Махамбет кентіндегі гидропостта 17 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 812 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей — 850 см. Ал өзен суы Атырау қаласындағы гидро бекетте бір тәулікте 12 сантиметрге көбейіп, жалпы деңгейі 471 см болды. Мұндағы қауіпті деңгей — 550 см. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Сондай-ақ Қиғаш өзені бойынша Шортанбай ауылындағы гидропостта – 4 см, Котяевкада – 5 см, Ганюшкинода 3 сантиметрге көтерілді. Волгоград гидроэлектр бекетінен 16 120 текше метр су жіберілуде.
Еске салайық, Жем өзенінің суы 3 сантиметрге азайды.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button