Махамбет ауданындағы «Мекен Чикен» жобасының қашан аяқталатыны белгілі болды

65889 Жаңалықтар

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауылшаруашылығы кооперативінің құс етін өндіру кәсіпорны биыл толық қуатында жұмыс істей бастайды.

Маңызды жоба жылына 435 тонна бройлер етін өндіруді көздеп отыр.

Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің есепті жиын барысында белгілі болды. Құрманғазылық кооперативтің бройлер етін өндіру жобасы өткен жылы бастауын алып, бірінші желісі қараша айында іске қосылған болатын.

Күні бүгінге дейін аталмыш кәсіпорын 17 тонна құс етін шығарған еді. Мамандардың айтуынша, жергілікті өнімнің сапасы өзгелерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Бір тауықтың еті 2,7 келі тартады.

Жұмыртқадан инкубатор арқылы құс өсіру үшін шикізат көршілес Ресей Федерациясынан алынды.

 Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтан білгеніміз, қазіргі таңда «Бұйырғын» кооперативінің өнімдеріне «Сарайшық» коммуналдық базарынан орын берілген. Төрт желіден құралған маңызды жоба толық қуатында жұмыс істеп, өнім көбейген кезде қаладағы басқа да сауда орындарынан сатылатын болады.

 Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың баяндауынша, халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету мақсатында отандық өнім өндірушілерге баса назар аударылып отыр. Сонымен қатар, жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін Махамбет ауданындағы «Мекен Чикен» жобасын да биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-1500-bas-iri-%D2%9Barany-borda%D2%9Bylau-ala%D2%A3y-iske-%D2%9Bosylady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз