
Жайық өзені көтеріле бастады
БҚО-ның Тайпақ ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 32 сантиметрге артты. Ал БҚО-нан келетін су есебінен Индербор кентінің гидропостында су деңгейі бір тәулікте 25 сантиметрге көбейді.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, Махамбет кенті маңында Жайық өзені 10 см-ге өсіп, жалпы деңгейі 764 см-ге жетті. Қауіпті деңгей – 850 см. Атырау қаласында 4 сантиметрге өсіп, 446 сантиметрді құрады. Мұндағы қауіпті деңгей – 550 см. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзенінің суы Шортанбай, Котяевка, Ганюшкино ауылдары тұсында 4 сантиметрге көбейді. Ал Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 22 780 текше метр су жіберілуде.
Айтпақшы, Жем өзенінің деңгейі тағы 3 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНОВА