Жарнама
Жаңалықтар

Жайық бір тәулікте 23 сантиметрге көтерілді


БҚО-нан келетін су есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте 23 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 645 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгей – 845 см. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, Махамбет кенті маңында өзен суы 11 сантиметрге өсіп, жалпы деңгейі 754 сантиметрді құрады. Мұндағы қауіпті деңгей – 850 см. Ал Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 8 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 442 сантиметр болып тұр. Қауіпті деңгей – 550 см. Айтпақшы, бүгінде Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай гидро бекетінде бір тәулікте – 7 см, Котяевкада – 6 см, Ганюшкинода 4 сантиметрге көбейді. Ал Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 25 560 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Жем өзенінің суы 3 сантиметрге төмендеді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button