Жарнама
Жаңалықтар

Жайық Атырау қаласында қауіпті деңгейге жетті

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте 3 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 1041 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 196 сантиметрге артық.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәліметінше, Махамбет кенті тұсында өзен суы 14 сантиметрге өсіп, 980 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгейден 130 сантиметрге көп. Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 6 сантиметрге артып, 551 сантиметрге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей — 550 см. Иректі су қоймасынан секундына 162 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай мен Котяевка ауылдары тұсында 3 сантиметрге төмендесе, Ганюшкино ауылындағы гидро бекетте су деңгейі өзгеріссіз. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 710 текше метр су жіберілуде.
Ал Жем өзені бір тәулікте 2 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button