Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

ЖАЙЫҚТАҒЫ МОЛЛЮСКІЛЕР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ?

Atr.kz/3 сәуір, 2019 жыл. Шамамен, 170 метрге дейін ұзындық бойынша қосжаппалы моллюскілердің бос жатқан қабыршақтары табылды.

Бұл туралы әлеуметтік желілердегі өзінің парақшасында АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. Оның үстіне, «Балық шаруашылығы ғылыми- өнідірістік орталығының» атыраулық филиалының мамандары судың сынамаларын алыпты. Көрсеткіштері төмендегідей болып шыққан:  судағы оттегі – 6-7 мг/дм3, рН – 7,8, судың температурасы 7-8 С.   

Оның үстіне, гидрохимиялық сараптамаға да (нитраттардың, нитриттердің, аммонилі азоттың бар- жоқтығына, жалпы минералдануына, пергаментті тотығуға) сынамалар алынып, зертханалық тексерулерге жіберілген. Моллюскілердің бірнеше қабыршақтары балықтың жаппай қырылуына байланысты көтерілген қылмыстық істердің аясындағы токсикологиялық зерттеуге де жіберілді.

Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, өзеннің өзге аймақтарында моллюскілердің бос қабыршақтары табылмаған. Жағалауды тексеру барысында қаладан жоғарыға қарай, Бугорки, Ақжар, Талғайран ауылдары тусында тірі моллюскілер байқалды.

Моллюскілердің қабыршақтарын жинаумен Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы айналысуда.

Анықтама:

Қос жаппалы моллюсктер – омыртқасыздар санатына жатады. Негізінен суда өмір сүреді. Жер бетінде тұщы немесе тұзды су көздерінінің барлығында да көп кездеседі. Олардың көпшілігі бетносты тіршілік иелері болып табылады және су тубіндегі топыраққа немесе су астындағы заттарға жабысып өмір сүреді. Қос жаппалы моллюсктер су көздерін органикалық ластанудан тазалайтын табиғи тазартқыш немесе сүзгі болып табылады. Олар өз ағзасына ауыр металлдарды жиып алып, су көздерін химиялық ластанудан сақтайды.

 Жайық өзенінде ірі қос жаппалы моолюсклерден Unio және Anodonta (тіссіздер) түрі көп кедеседі. Олардың көпшілігі өте баяу қимылдайды. Сағатына суа стында бар –жоғы 20-30 см. жүруі ықтимал. Моллюсктер негізінен органикалық қалдықтардың өте ұсақ бөлшектерімен немесе майда планктондармен көректенеді.

Дереккөз: «Atpress.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button