Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНДЕ БАЛЫҚТЫҢ ҚЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН САУАЛДАРҒА ЖАУАП

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл.  Жайық өзеніндегі балықтың қырылуына байланысты, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жариялап отырмыз.

  • 1. Балық қашаннан бастап қырылды? 
  • Балық қырылуының алғашқы дерегі 2 желтоқсан 2018 жылы тіркеліп, 9 желтоқсан 2018 жылға дейін жалғасты.
  • 2. Қазір балық өліп жатыр ма? 
  • Жоқ,  қазір балық өліп жатқан жоқ,  жаңа ауланған балық арасында өлі балық болмады.
  • 3. Балық неге қазір қалқып шығып жатыр? 
  • Желтоқсанда өлген балық мұзға жабысып қалған,  жылылық түскесін қалқып шыға бастады.
  • 4. Балық өлексесін жинаумен кім айналысады және бүгінге дейін қанша тонна балық қырылды? 
  • Бүгінгі есеп бойынша жалпы алғанда 108 тонна балық жиналды. Оның 103 тоннасы екі бекіре өсіру зауытынан,  қалған 5 тоннасы Жайық өзенінен.
CC7730F2 D936 458B 810A 14C1E3729017 cx0 cy19 cw0 w1200 r1 s
  • 5. Жайық өзенінен су сынамалары қаншалықты жиі алынады және қандай сынамалар? 
  • Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті,  экология департаменті, «Қазгидромет» мекемесі аптасына екі рет су сынамасын алып отыр. Су көрсеткіштері нормаға сай және тұрғындар мен өзен фаунасына қауіп тудырмайды.
  • 6. Балық сату нүктелерін кім және қалай қадағалайды? 
  • Полиция мен ветеринарлық қызмет сауда нүктелерін бақылауда ұстап отыр. Балық тек тиісті құжаттармен сатылады, барлық базарларда сатып алған балығының сапасын тексергісі келген әр адамға ветеринарлық зертхана тегін қызмет көрсетеді.
  • 7. Өзен өлі балықтардан қалай тазартылады? 
  • Тазарту жұмыстарына «Арнаулы автобаза» ЖШС,  облыстық орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері, еріктілер тартылған. Жақын күндері,  өзендегі мұз толық ерігесін,  су айдынын тазартумен арнайы жабдықтары бар  балық аулайтын кооперативтері айнылысады.
  • 8. Өзен балық популяциясын өздігінен қалпына келтіре ала ма? 
  • Мамандардың айтуынша, Жайық пен Қиғаш өзендерінің арналары арқылы көктемгі, жазғы уақытта балықтар уылдырық шашады, ол табиғи популяцияның қалпына келуіне мүмкіндік береді.
  • 9. Балықтың осылай қырылу оқиғасы бұған дейін болды ма? 
  • Жайық өзенінде мұндай жағдай өткен ғасырдың 80 жылдары болған,  ол кезде анықталмаған заттардың өзенге құйылуы балық өліміне соқтырған. Сондай-ақ қалың мұз бен қардың салдарынан балық қырылған. Өзен көктемгі уылдырық шашу кезінде балық популяциясын қалпына келтірген.
  • 10. Оқиғаға кінәлі кім екені қашан айтылады және залалды кім өтейді? 
  • Балық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүруде, кінәлілер анықталатын болады. Полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өнімдерін сату нүктелерін қадағалауда ұстап отыр. Балықтан, судан улану деректері тіркелген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button