Жаһандық цифрлы көшпенділер үшін қолайлы мемлекетке айналып келеміз
Әлемдік трендтерден қалыс қалмаған елімізде соңғы кездері ІТ саланы дамытуға айрықша мән беріле бастады. ІТ қауымдастықтық құру мақсатында көптеген шара қолға алынды. Astana hub негізінде құрылған Atyrau hub-тың басты мақсаты – осы жерде барлық атыраулық ІТ-компанияны тартып, солармен бірге жұмыс істеу. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетінің тілшісіне берген сұхбатында да кеңірек атап айтылды.
Жақында біз Norsec компаниясымен бірлесіп flilia.comжобасын жүзеге асырдық. Яғни, бұл платформада сізІТ-компаниялар арасында жақсы мамандар ұсына отырып, өзіңізге бонус ала аласыз. Бір жағынан қарағанда, біз хедхантер, ликдельн және тағы да басқа белгілі платформаларға ұқсағанымызбен, біздің өзіндік ерекшеліктеріміз бар. Қазірдің өзінде Аviata, Beeline,Kcell, Freedom секілді алпауыт компаниялар бізбен жұмыс істей бастады.
Ең бастысы, ІТ-компанияларға қажетті мәліметтерің барлығын бізден ала алады. ІТ саласындағы он компанияның алтауы біз арқылы өздеріндегі бос жұмыс орындарын жариялап, қажетті қызметкерлерді жұмысқа қабылдады. Яғни, олар кадр іздеуге уақыт жоғалтпайды. Оның үстіне, біздің платформада ұсынылатын мамандардың кәсіби шеберлігі жоғары деп айта аламын. Бонустарды кәсіпорын немесе компанияның өзі ұсынады. Кейбір белгілі компаниялар әрбір қызметкер үшін кем дегенде 1000 АҚШ долларын беруге дайын. Қазірдің өзінде бір мыңға тарта қолдануышымыз бар. Қуантарлығы, әр күн сайын қатарымызға 100 пайдаланушыдан қосылуда.
Нұржан МҰХАМБЕТҚАЛИ,
flilia.com жобасының авторы