Жағдайы жоқ жағажайларға жаңа қожайын қажет…

DSC04928 e1532507739425 Жаңалықтар

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Әкімдік қаладағы төрт жағажайды сенімді басқаруға беру үшін тендер жариялады.

Қаладағы кейбір жағажайлардың жағдайы мәз емес екені баршаға мәлім. Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болып табылатын осы жерлерді ұстауға соңғы жылдары бюджетте қаражат қаралмаған болатын.

Қала әкімдігі жағажайларды сенімді басқаруға беру үшін (әрі қарай сатып алу құқығынсыз) екінші жыл қатарынан тендер жариялап отыр:    

– Атырау қаласы, К. Мамекұлы көшесі маңында («Первый участок»);

– «Балықшы» тұрғын алабында;

– қала маңындағы Геолог ауылында 10 жыл мерзімге;  

– Жилгородок шағынауданында 20 жыл мерзімге.

Айта кетейік, алғашқы екі жағажай өткен жылғы тендерге де шығарылды. Ал, жұртқа танымал жилгородок жағажайы, бұрын хабарланғандай, бір жеке кәсіпкерге 2022 жылға дейін сенімді басқаруға берілген де болатын.   

Барлық төрт жағажай бойынша электронды сауда-саттық мемлекеттік реестрдің www.gosreestr.kz веб-сайтында өтеді. Анықтама телефондар: 8 (7122) 25-05-29.

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз