Жаңалықтар
Жағалауды бекітуге жұдырықтай жұмылу қажет
Көктемгі су тасқынынан келер қауіптің алдын алу үшін облыс кәсіпорындары Жайық жағалауын бекітуге жұмылу қажет. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлайды.
Атырау облысы кәсіпорындары басшыларының назарына!
Жедел штаб төтенше жағдай режимі шеңберінде Атырау облысының кәсіпорындарына өндіріс процесіне нұқсан келтірмейтін персоналды жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдыруды ұсынады.
Жайық өзені бойынша жағалауды нығайту жұмыстарының секторын нақтылау үшін төмендегі нөмірге жүгіну қажет:
8 775 817 16 65