Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкология

Жағымсыз иістің кесірінен атыраулықтар аллергияға шалдыққан

Мұнайлы өлкедегі жағымсыз иіс әзірге жағымды жаңалық болмай тұр. Атыраулықтарды дүрліктірген белгісіз иіске қатысты атыраулық жас кәсіпкер Арман Хайруллин де «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында жағымсыз иістің шығу себебін анықтауға болатындығын жазыпты.

simptomy-allergicheskogo-rinita-470x250

– Облыстық экология департаментіне барғанымда, ауа құрамында шектен тыс ауытқу болмағандығын айтты. Сонда қалай болғаны? Тұрғындардың бірқатары аллергиядан көз ашпай отыр. Ал, мамандар болса, тек «Қазгидромет» пен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» мекемелеріндегі құрылғылардың көрсеткіштерімен ғана шектеліп отыр. Сонымен бірге, қала бойынша «НКОК» компаниясының тоғыз стансасы орнатылған, олар қазір «аутта». Депаратменттің өзінде газоанализатор жоқ. Себебі, мемлекеттік сатып алу бойынша тендер күзге қалдырылған.

Атыраудың ауасына алаңдап жүрген Әділет Жақашев есімді бір жаспен кездестім. Өндірісте тәжірибесі бар оның мамандығы – инженер, ағылшын тілін де жетік меңгерген. Ол қажетті газоанализаторды тұрғындарға өз қаржысына сатып алуды ұсынды. Бұл бағытта нарықты түгел аралап та шыққан. Ақыры, құны арзан, бірақ компьютерлік толықтыруды қажет ететін ресейлік құрылғыға тоқталған. Германдық «MRU» фирмасының «Optima 7» құрылғысы осал емес көрінеді. Оның мәзірі орыс тілінде. Демек, қолдануға да оңай. Өзгермелі газдың сегіз түрін анықтай алады, – деп жазған пост авторы.

Міне, осы ретте ол тұрғындарды ортақ іске жұдырықтай жұмылуға шақырып, қалталы азаматтар мен бизнесмендерден қаржылай қолдау күтетінін де атап өтіпті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button