Жарнама
Жаңалықтар

Жағалауды тазалау – жауапты іс

Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасымен ел аумағындағы ашық су қоймаларында, соның ішінде, Жайық-Каспий бассейнінде дәстүрлі табиғат қорғау ак-циясы өткізілді.

DIGITAL CAMERA

Аталған республикалық ведомоствоның Атырау облысы бойынша аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Тушкановтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – Жайық-Каспий бассейніне қарасты балық шаруашылығы су қоймаларының тазалығын қамтамасыз ету. Яғни, оларды заңсыз балық аулаушы браконьерлердің құрал-жабдықтарынан, өзеннің жағалық белдеуін түрлі тұрмыстық қалдықтар мен жинақтал-ған қоқыстардан тазарту болып отыр. Өйткені, мұның бәрі табиғи су көздерінің санитарлық-эпидемиологиялық режимінің бұзылуына әкеліп соғады. Әсіресе, көктемгі су тасқыны кезінде ахуалдың әдеттегіден де күрделене түсетінін тәжірибе көрсетіп  жүр. Себебі, дәл осы мезгілде жоғарыдан төмен қарай қатты ағыспен су көздерін ластаушы заттар шамадан тыс көбейіп кетеді.

Оның үстіне, бұл мезгілде Жайық өзенінде балықтардың уылдырық шашу  кезеңі өтеді. Сол үшін  «су маржандары» өзеннің  жоғары жағына қарай ығысып кетеді. Осындай кезде балықтың заңсыз жолмен аулануына жол бермей, науқанның қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін аумақтық инспекцияның Индер, Махамбет, Атырау және Құрманғазы бөлімдеріндегі мемлекеттік инспекторлар Жайық пен Қиғаш өзендері бойындағы бақылау бекеттерінің жұмысын қадағалап отырады.

Табиғат пен оның байлығы – ортақ игілік болғандықтан, аумақтық инспекция акцияны ойдағыдай өткізуге облыстағы табиғатты пайдаланушы кәсіпорын-мекемелерді, оқу орындары мен өзге де мүдделі құрылымдарды жұмылдырған. Атырау қаласы мен ауылдық округ әкімдіктеріне хабарламалар жол-данған. Олар  бұған үн қатып, нақты істерімен жауап берді.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button