ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Белгілі кәсіпкер, «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ президенті Төкен Жұмағұлов «Дина» базарының жанынан жаңа мешіт үйін салдыртуды ойластырып отыр.

 

 Барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамы күні болашақ мешіт құрылысының іргетасы салтанатты жағдайда қаланды. Оған қала жұртшылығы мен облыстың бас имамы Батыржан Мансұров бастаған дін өкілдері қатысты.

Көпшілікті Құрбан айт мерекесімен құттықтап сөйлеушілер Төкен Танаұлының мешіт құрылысын салдыру жөніндегі бастамасын қуаттап, сауапты ісіне өздерінің ризашылықтарын білдірді. Мұсылмандық парызын өтеп, қажылық сапармен Меккеде болған Төкеңнің әке-шешесі Ақтөбе облысының Ойыл ауданына қарасты Құрман деген жерде жерленген. Сондықтан да, Төкең мешітке «Жұмағұл – Қансұлу» деп әке-шешесінің есімімен беруді ұйғарыпты.

Шара барысында «Тағылым» жеке мектебінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп,  келушілер ризашылығына бөленді.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз