ЖАҢА ҚУАТТАР – ТЫҢ МҮМКІНДІКТЕР

Жаңалықтар

 

Премьер-ми¬нистр Серік Ахметов «Теңіз¬шев¬ройл» ЖШС бас дирек¬торы¬ның міндетін атқарушы Брэд Мидлтонды қабылдады. Кез¬десу нәтижесінде Теңіз-шевройлды кеңейту келе¬ше¬гі жобасы бойынша өзара түсіністік туралы Мемо¬ран-думға қол қойылды.
С.Ахметовтің айтуынша, бұл Меморандум елімізде теңіз кен орнын дамытуға өте жақсы серпін береді. Ең маңыздысы, жаңа жұмыс орындарын құруға, Қазақстанда индустрияны, өнеркәсіпті және машина жасау¬ды дамытуға мүмкіндік ашпақ.
Қабылдау барысында негізінен Қазақстанның «Теңізшевройл» компаниясымен ынтымақтастығы перспективалары талқыланды, сондай-ақ, ТШО-ның болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Премьер-министр С.Ахметов өз кезегінде «Қазақстан Үкіметі ТШО-мен тығыз ынтымақтастыққа дайын», деп атап өтті. Ал, Б.Мидлтон Меморандумның маңыздылығын айтып, меморандумды жүзеге асыруға олар да әзір екендігін жеткізді.
Қазақстан Үкіметі мен «Теңіз¬шевройл» ЖШС арасындағы Теңіз¬шевройл жауапкершілігі шек¬теулі серіктестігін кеңейту ке¬ле¬шегі жобасы және ұңғыманың қысымын басқару жобасын жүзеге асыру арқылы Қазақстанға инвес¬тициялар тартуға, мамандарды оқытуға және даярлауға, сондай-ақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақ¬сатындағы ынтымақтастық жайлы өзара түсіністік туралы Ме-морандумға Мұнай және газ ми¬нистрі Ұзақбай Қарабалин және ТШО бас директорының міндетін ат¬қарушы Брэд Мидлтон қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімінен соң тараптар шағын баспасөз мәслихатына шықты.
Өз кезегінде Ұ.Қарабалин «Теңізде өндірістік қуаттылық арттырылып, мұнай өндіру жылына 26 млн. тоннадан 38 млн. тоннаға дейін өседі деп болжап отырмыз. Бұл Қазақстан Республикасы мен серіктестер үшін сәйкес экономикалық пайдамен айтарлықтай өсу болып табылады», деп атап өтті. Сонымен қатар, Меморандум қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыру бойынша өзара келісімді қарастыратынын айтты.
«Аталған нысанды салу кезе¬ңін¬де қосымша 20 мың жаңа жұ¬мыс орны ашылады. Металл құ¬ры¬лымдарын әзірлеу бойынша отан¬дық кәсіпорындар үшін тапсы-рыстарды арттыруға баса көңіл бө¬лінген», деп түсіндірді ол. Бұдан өзге, Атырауда салынып жатқан мұ¬най-химия кешенін шикізаттың қажетті мөлшерімен қолайлы ба¬ға¬мен қамтамасыз ету туралы уағ¬даластыққа қол жеткізілді. 550 мың тонна пропан, 380 мың тонна бутан өндіру жайлы сөз қозғалуда, деді.
Министрдің мәліметінше, Теңізшевройлды кеңейту келешегі жобасы бүгінде эскиздік жобалау сатысында, оны бекіту 2014 жылдың басына жоспарланған.

Өз тілшіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған