Жаңа дүкен – жұрт игілігіне!
Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылының «Атырау-Астрахан» тасжолының оңтүстік жақ бетінде орналасқан мөлтекауданында жаңадан дүкен ашылды.
Аққыстаулық кәсіпкер Ұлжалғас Жолдасова алдымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы жанынан құрылған «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бір айлық курста оқып, кәсіпкерліктің алғашқы әліппесін меңгерді.
Сосын «Исатай» несие серіктестігінен алған несиеге дүкенге қажетті құрал-жабдықтар мен тауарлар сатып алған. Қазір аралас дүкенінде қолжетімді бағамен күнделікті азық-түлік, тұрмысқа керекті тауарлар сатыла бастады. Сондай-ақ, өзге сауда нүктелерінде көп кездесе бермейтін ұлттық нақыштағы «Қыз жасаулары» (сандықтар, көрпелер, маталар), әдемі оюмен өрнектелген бесіктер тұтынушыларға ұсынылып отыр.
Еркін ЖҰМАЖАНОВ,
Исатай ауданы.