ЖҰМЫССЫЗДЫ ТІГІНШІЛІККЕ БАУЛИДЫ
Әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы, үй жағдайында отырған әйелдерді ісмерлікке баулу мақсатында ұйымдастырылған үш күндік шараға 27 атыраулық қатысты. Алғашқы күнінде тігіншіліктің теориясы бойынша сабақтар өткізіліп, екінші күнінде қатысушылар көйлек тігудің қыр-сырын меңгерді. Үшінші күні әйелдерге арналған белдемше мен ұлттық нақыштағы кеудеше, бас киім тігуді қолға алды.
Қатысушылар тігін машинасы мен қажетті құрал-жабдықтың бәрін өзі әкелуі тиіс. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі екі әйелге демеушілік танытып, шеберлік сыныбына қатысуға қолдау білдірді. Астана қаласындағы аталмыш киім студиясының авторы Аяужан Кенжебектің айтуынша, дәріске қатысуға ниет білдірушілердің «Ayeken.kz» инстаграмм желісі немесе
8-707-444-19-57 ватсап нөмірі арқылы тіркелуіне болады. Курс Атырау қаласында мамыр айында жалғасын табады.
Алтыншаш