Жарнама
Жаңалықтар

Жұмыстан заңсыз қысқарғандар көбеюде

Атыраудағы мемлекеттік еңбек инспекциясына арызданатын азаматтардың бір бөлігі жұмыстан заңсыз қысқарғандар екен. Бұл осы бағыттағы жалпы заңбұзушылықтың 60 пайызын құрап отыр.

Empty-Pockets

Ол туралы бізге аталған инспекция басшысы Игілік Әубәкіров айтып берді.

– Азаматтардың қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарының дұрыс түсінбеуінен арыз-шағымдар жиі түседі. Яғни, жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу кезінде жұмысшы белгілі бір жұмыстың аяқталуына дейін қабылданғаны туралы шартты қате түсініп, еңбек қатынастарын тоқтату кезінде өтемақы талап етеді. Еңбек заңнамасына сай, жұмыс көлемінің аяқталуына байланысты, еңбек қатынастарын тоқтату кезінде, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта белгіленбесе, өтемақы төленбейді, – дейді И. Айдарұлы.

Жұмыс берушілер назарына салатын жәйт, заңбұзушылыққа жол беріп, кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған мекемелер мемлекеттік органдардың сатып-алу және сату конкурстарына қатыса алмайды. Себебі, салынған әкімшілік айыппұл мекеменің конкурстық өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button