Жұмысшының жағдайы – басты назарда
Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қар-саңында «Мәтен Петролеум» АҚ бас директоры
Сяо ХУАНЬЦИН мырзамен пікірлескен едік. Қытайлық маманмен әуелгі әңгімені танысудан бастадық.
– Қазақстан нарығында жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындар жергілікті халықты жұмыспен қамтуға, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, түрлі мақсаттағы демеушілік көмектер көрсетуге мүдделілік танытып отырады. Сіздің демеушілікке, қайырымдылыққа көзқарасыңыз қандай?
– Ширек ғасырлық тә-уелсіздігін атап өткен Қазақстанның дамуына азғантай болса да үлесімізді қоссақ дейміз. Кәсіпорынның демеушілігімен бізге дейінгі атқарылған істерге қанықпын. Сол қалыптасқан жақсы дәстүрді жалғастырып келеміз деуге болады. Кәсіп-орын атынан ашылған арнайы қор арқылы Ұлы Отан және ауған соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға қаржылай көмектер беріліп тұрады. Бұдан басқа компания жұмысшылары үшін арнайы әлеуметтік пакет жасақталған. Мерейлі 50,55,60 жасқа толғандар, зейнет демалысына шыққандар, қызметкерлердің отбасылық қуаныштары, баласының үйленуі, тұрмыс құруы, сәбилі болуына байланысты ұжым мүшелеріне қаржылай көмек беріледі. Орталық аппараттағы кеңсе қызметкерлері жылына бір рет тегін медициналық көмекпен, тегін түстік тамақпен қамтылған. Олардың бассейнде, фитнес орталықта, жаттығу залында спортпен шұғылдануына мүмкіндік берілген. Ұжым мүшелері медициналық сақтандыру полисіне ие.
Қазақстандық жастарды тіл меңгеру үшін Пекинге он бес күндік тегін оқу курсына жіберіп тұрамыз. Сол сияқты, Қытайдың мұнай және газ университетінен оқытушыларды шақыртып, мамандық бойынша тілмаштық курстарды да ұйымдастырамыз.
–Менде бір ұсыныс болып тұр. Асхананың ас мәзіріне қажетті көкөністі, қызанақ, қияр, жуа, сәбіз бен картопты, бақша өнімдерін кең ауланың бос жерлеріне егіп, неге баптап-күтпеске? Оны 150-200 шақырым жерден тасымалдамай-ақ, осы аулада өсіруге болады ғой. Бұл ұсынысымды қабылдар ма едіңіз?
– Меніңше, өте орынды ұсыныс айтып отырсыз. Шынында да, компания басшысы ретінде аула ішінде көкөніс дақылдарын өзімізде егуге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Айналаның жасыл-желегін, әдемі гүлзармен көмкеру де қолдан келетін шаруа. Ендеше, келер көктемде сол жұмысты ұйымдастыруға өзім ұйытқы боламын.
– Қазақстанға қызметке келгеніңізге үш жыл болыпты. Ойға не түйдіңіз? Жұ- мыстан тыс уақытта жиын-тойларға барасыз ба? Салт-дәстүрімізге көңіл аударып жүрген шығарсыз.
– Талай куә болып жүрмін. Қазақтың тойы өте керемет, есте қаларлықтай өтеді. Тойдан қалмауға тырысамын. Өткен жұмада ұжымдағы бір қызметкердің баласы үй-леніп, сол қуанышқа ортақ-тастым. Қазақтың салт-дәстүрлері қатты ұнайды. Әсіресе, келін түсіру, бет-ашар, қыз ұзату рәсімдеріне қызығамын. Наурыз мейрамында қазақтың өте қонақжай халық екендігіне көзім жетті.
Бақытжан ЖҰМАТ.