
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Жұдырықпен жауап берді
Ішілген астың ақшасын (14 мың теңге) төлеуден бас тартқан екі полиция майоры дәмхана иесін соққыға жыққан.
Оқиға Құрманғазы ауылындағы «Сушняк» кафесінде орын алған. Бейнекамераға түсіп қалған бұл әрекет ғаламтор қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Құрманғазы аудандық сотына жолданған. Нәтижесінде, арнайы тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылып, қызметтен босатылған.
Аман ШАМАР