ҚЫРҒЫЗСТАННАН КЕЛГЕН АЗАМАТҚА МИТИНГІГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН 90 МЫҢ ТЕҢГЕ ҰСЫНҒАН

97858615 71af 4bba 8806 bc075cf021d9 Құқық

Бұған дейін ІІМ басшысы Алматының орталығына бір мезгілде 20 мыңға жуық адам келгенін айтқан болатын.

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандардың бірі белгісіз біреулер митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғандықтан Қырғызстаннан ұшып келгенін айтты.

Ұшақтың ақысын төлеп, пәтерге орналастырған. Онымен бірге Өзбекстан мен Тәжікстаннан келгендер де болыпты. 
«Қырғызстанда жұмыссыз болғандықтан келістім. Олар билет алып берді, екісі күні Алматыға ұшып келдім, олар мені пәтерге алып кетті. Ол жерде Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да болды, бірақ олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Пәтерде 10-ға жуық адам болды. Митинг басталған кезде қорқып кеттім, пәтерге қайтып, түнеп шықтым. Келесі күні үйге қайтуға бел будым, бірақ әскерилер ұстады», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев 5 қаңтарда Алматының орталығына бірден 20 мыңға жуық адам ағылғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін республикада шет тілдерінде сөйлейтін көршілес елдердің азаматтары да әрекет еткені айтылды.

sputnik.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз