Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Өзгерістер өмірден туындайды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңына қол қойды.

8274818

Аталған заң жобасын Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары мақұлдаған болатын. Құжат президенттің «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысын орындау үшін әзірленді. Осы құжатқа сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды, Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан деп өзгертілді және оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға көшірілді.Жаңа заң «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы судьялар статусы және сот жүйесі туралы» конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуді қарастырады. Өзгеріс түзету сипатында болады. Мысалы, «республикалық маңызы бар қала мен астана» және «Алматы мен Астана қаласы» «республикалық маңызы бар қалалар» болып өзгертіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 19 маусым күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған, ал Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан деп өзгертілген жарлыққа жария түрде қол қойды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button