Тұрғындар дабыл қағуда: Мұқырда бұралқы ит малға шауып жатыр

200904083005141a3690723i Жаңалықтар

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғындары бұралқы иттердің қораға түсіп, уақ жандықты қырып кету жағдайына алаңдаушылық білдіруде.

Мұндай сұмдықтан шошыған мал иелері адал еңбек пен маңдай тердің еш кеткенін айтып, дабыл қақты. Бұл жайттан ауылдық округ әкімі де хабардар екен. Мереке Есқалиев соңғы 1-2 айда тез көбейіп, топта­сып, көше кезген бұралқылардың елді дүрліктіру себебін түсіндірді.

– Жыл сайын ит-мысықты ату жұмысы ұйымдастырылатын еді. Қазір дәрі салынған инемен дротик арқылы атады. Үлкен арақашықтықта итке дәл тигізіп, бірден құлату қиын. Осыдан екі ай бұрын келген оқ-дәрілердің сапасыздығы да қазіргі жағдайға се­беп болды. Себебі, ауылдың ветери­нары иттерді атуын атқанмен, дәрінің күші кеткен соң «тіріліп» кетеді. Қазір қосымша мылтық пен оқ-дәрі алы­нып, қолдан келгенше жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы, 40-50 иттің көзін құртпайынша, жағдай түзелмейді, – деді округ әкімі.

Ал, тиісті заңнамаға сәйкес мал иесіне келтірілген шығынды ит иесінен өндіруге де болады екен. Алайда, қандыауыз төбеттің бұралқы, не біреуге тиесілі екенін анықтау мүлдем мүмкін болмай тұр. Себебі, ауылда тек санаулы адамның иті ресми тіркелген. Ал, көшеде босып жүрген иттердің иесі бары да, жоғы да бар.

Ме р е ке Е с қ а л и е вт і ң а й ту ы н ­ша, тұрғындарға ит-мысықты ұстау ережесіндегі талап-жауапкершіліктер көрсетілген парақшаларды таратып, түсінік жұмыстары тұрақты жүреді. «Күшік асырап ит еттім, ол балты­рымды қанатты» демекші, тұрғындар өздері асыраған хайуандардың істеген тірлігі үшін жауапты екенін біледі. Округ әкімі арнайы топпен иттер алғаш шабуылдаған түннен кейін ау­лаларды аралап шыққан. Бәрінің де иттері байлаулы тұр. Бірақ кеште бо­сатып қояды, бәрі соның салдары екен. «Баспанасынан тойып, ас ішпеген ит өзгенің қорасын торуылдайды. Бір рет ауызданған итке ол әдет болады» дейді ауыл әкімі.

Қызылқоға аудандық ветеринарлық станциясының директоры Жәнібек Кенжин жыл басынан бері 1180 иттің атылғанын айтады. Мұқырда т і р ке л ге н т е к 3 7 и т т і ң қ ұ ж ат ы бар. Басшы көше кезген иттердің көпшілігінің иесі бар екенін, әрі олардың итін бос жіберіп, қараусыз қалдыратынын жасырмады.

– Жалпы, жануарларды күтіп- ұстау ережесіне сәйкес қолдағы иттер міндетті түрде байлаулы тұруы тиіс. Сондай-ақ төрт аяқты жануарлардың жеке төлқұжаты болуы қажет. Бірақ қожайындардың бәрі бұл талапты сақтай бермейді, – деді ол.

М а л ғ а ш ап қ а н б ұ р а л қ ы и т т і ауыздықтамаса, адамға да айбат шегіп қауіп әкелері сөзсіз. Сол себепті қаңғыбас иттермен күресті жүйелі түрде жолға қойған абзал.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз