Зейнеткерлерге неге несие алуға болмайды?

20170215173323 0 Жаңалықтар

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев онлайн-конференцияда зейнеткерлерге неге несие алуға болмайтынын түсіндірді.

20170215173323_0

Оның айтуынша, мемлекетке тәуелді адам бар ақшасын банкке төлесе, күн көрісі нашарлайды.

«Зейнет жасындағы адам несие алса, ол өзінің зейнетақысынан төлейді. Мемлекетке тәуелді адам ақшасын несиеге берсе, өзінде ештеңе қалмайды. Сондықтан, зейнеткерлерге несие алуға кеңес бермейміз. Бұдан өзге студенттер несие алса, ол кез келген уақытта жұмыс жасап, ақшаны қайтара алады. Бұл мүлде бөлек санаттағы адамдар», – деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, несие алуды шектеу зейнеткерлерге қатысты айтылған.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз