Жарнама
Жаңалықтар

Зейнетақым дұрыс па?

Мен ең ауыр да қиын жұмыстарда жасадым. Атқармаған жұмысым жоқ болар. Солардың кейбірін санамалап шығатын болсам: жұқпалы аурулар ауруханасында санитарка, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде аула сыпырушы, Мақат ауданы депосында тепловоз тазалаушы, тағы сол сияқтылар.

Менен әлдеқайда жеңіл қызметте істегендер біраз зейнетақы алып жатқанда, менікі бар болғаны 31 мың теңге. Осы дұрыс па, әлде есептеу орталығындағы мамандар қателесті ме? Маған осыны біліп берсеңіздер екен.

Қазиза АЛАГӨЗОВА,

80 жастағы зейнеткер,

Геолог кенті.

пенсия-768x512

Редакциядан: Хат авторының өтінішін зейнетақыларды есептеумен тікелей айналысатын мекемеге жолдап, төмендегіше жауап алдық:

– Газетке хат жолдаған зейнеткер Қазиза Алагөзованың құжаттарымен толық таныса келе, мынаны хабарлаймын: ол кісінің жалпы еңбек өтілі 10 жыл 4 айды құрайды. ҚР Зейнетақы тағайындау туралы Заңына сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін әйелдердің жалпы еңбек өтілі кем дегенде 20 жыл (ерлерде 25 жыл) болуы шарт. Көріп отырғанымыздай, Қазиза апамыздың еңбек өтілі толық емес. Сол себепті ол 31 мың теңге (зейнетақысы – 16 892 т., базалық – 14 466 т.) болып, аз шығуда. Жалпы еңбек өтілі жиырма жылдан кем болған жағдайда, әйел зейнеткердің еңбек өтіліне сәйкесінше есептеледі.  Қазіргі жағдайда, Қ.Алагөзованың зейнетақысы заңнама талаптарына орай дұрыс есептеліп, төленіп отыр.

Ләззат  САҒЫНБЕКОВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Атырау облысы бойынша департамент

басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button