Зейнетақы қорындағы қаражат қанша?
Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы айтты.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша қаржы көлемі 9,38 триллион теңгеге жеткен.
Жыл ішінде зейнетақы жинақтары 1,5 триллион теңгеге көбейді, делінген Ұлттық банк баспасөз хабарламасында. Биыл 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттары саны 9,9 миллион екен. Былтырғы зейнетақы төлемдерінің сомасы 168,6 миллиард теңге болды.
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының салымшылары 25 қаңтардан бастап бір реттік SMS-пароль арқылы eGov.kz сайтынан қаражат көлемін біле алады.
Бұрын ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын.
Жинақтар туралы мәліметті БЖЗҚ кеңсесіне барып немесе хат жазу арқылы, БЖЗҚ-ға тіркелген электронды пошта арқылы, сондай-ақ қор порталындағы жеке кабинет арқылы немесе eGov.kz электронды үкіметінің сайтындағы жеке кабинет арқылы білуге болады.