Мал азығы – арзан бағамен

Мал азығы – арзан бағамен Жаңалықтар

Ауылдан  хат

Алдағы мал қыстату науқанына Қиғаш бойының малбегілері тыңғылықты дайындықпен түскелі отыр.

%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d0%b0%d0%b7%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d1%80%d0%b7%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd

Жалпы, барлық меншік нысандары бойынша қыстаққа 52 154 мүйізді ірі қара, 190 402 қой-ешкі, 16 410 жылқы және 4 927 түйе  малы түспекші. Демек, оған зоотехникалық норматив бойынша 155 656 тонна пішен қажет. Сайып келгенде, мал басы есебіне сәйкес, биыл жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары 143 500 тонна, асылтұқымды мал өсіретін құрылымдар («Сүйіндік» және «Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Құрманғазы» және «Мақаш» өндірістік кооперативтері) 6 168 тонна пішен дайындауы керек еді. Ауылдық округтер мен асылтұқымды мал өсіретін құрылымдардың  берген мәліметтері бойынша, өткен жылдан қалған 5 988 тонна пішен пайдалануға жарамды.

Биыл жаңбыр мен өр суы жылдағы мөлшерден көбірек келді. Соның есебінен, мал азығы ойдағыдай дайындалды. Шөп шабу әлі де жалғасуда. Аралдарда орналасқан шабындықтарда мал азығы сәл кешігіп даярланды. Бұл өр суының кеш қайту себебінен орын алды. Әйтсе де, қожалықтар иелері мен жеке тұрғындар қажетті мал азығымен қамтамасыз етіліп үлгерілді.

Ал, қыр бойында орналасқан Сүйіндік, Азғыр, Асан  округтері бойынша шөп дайындайтын 7-8 бригада бар. Олар ауылшаруашылық құрылымдары мен округ тұрғындарын толық қамтымақ. Бүгінде 48 220 тонна шөп шабылды.  Жалпы, аудан бойынша 150853 тонна ірі сабақты шөп жиналды. Сөйтіп, көзделген меже өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 26459 тоннаға артық орындалып отыр. Өткен жылы бір рулонның бағасы 3000-3500 теңгеден болса, биыл шамамен 1500-2500 теңгенің арасында сатылуда.

Саламат  ҚАБДОЛОВ,

аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің бас маманы.

Құрманғазы  ауданы.

 

Аудан бойынша 150 853 тонна ірі сабақты шөп шабылды.

Әр рулон шөп 1500-2500 теңгеден сатылуда.

Мал азығын дайындау науқанына 70-тен астам бригада, 138 машина, 417 әртүрлі маркадағы тракторлар,

349 тіркемелер және 378 ауылшаруашылық агрегаттары қатысуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз