Атырауда жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды

2202071442289330g 1 Жаңалықтар

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін Атырау облысында 66 жастағы ер адамның жоғалып кеткенін жазған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ер адамның жоғалғаны туралы 12 ақпанда хабар түскен.

Зейнеткер Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан «Сарықасқа» учаскесінен 27 қаңтарда жоғалған. Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан. Алайда, содан бері одан еш хабар болмаған. Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары «Үлкен төбе», «Сарықасқа» және «Бекжал» учаскелерінде жүргізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз