«Қорғас ісі»: Қазақстанға Швейцариядан 390 млн теңге қайтарылды

0 33 Жаңалықтар


atr.kz/17 қыркүйек, 2020 жыл.   Қазақстанға Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.


«2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды» делінген хабарламада.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі шетелдік компанияның Швейцария банкіндегі шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген. Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз