Жарнама
Жаңалықтар

Зейнетақы қоры «Ашық есік» күнін өткізеді

Жуырда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Атырау облыстық филиалы онлайн-форматта «Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» тақырыбында «Ашық есік» күнін өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей «БЖЗҚ» АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

Айта кету керек, «Ашық есік» күні 11 маусымда онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00-де өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/r9fc5ecea70eed9566b5794dad276493b бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 397 2915 және event-кеңестің паролін 12345 енгізу қажет.     

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button