Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЗЕЙНЕТАҚЫ қаншаға ӨСЕДІ?

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 сәуірден бастап зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10 пайызға индексациялауды жүргізді.

Сөйтіп, осы жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды. Нәтижесінде биыл зейнетақы екі рет көтерілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға – 5 пайыз, ал, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

Биылғы жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5 пайызға жоғарылады. Мысал: бір азаматқа өткен жылдың 18 қарашасынан бері ынтымақты зейнетақы т а ғ а й ы н д а л д ы . О н ы ң зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 46 010 теңгені құрады. 2020 жылғы 1 сәуірден аталған ынтымақты зейнетақы 5 пайызға өсіп, 48 311 теңге болады (46 010 +5% = 48 311).

Тағы бір мысал: бір азаматшаға осы жылдың 12 наурызынан 52 000 теңге зейнетақы тағайындалды делік. Осы жылдың 1 сәуірінен 5 пайыз өсімді ескерсек, бұл ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгені межелейді (52 000 + 5% = 54 600). Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне келер болсақ, бұл «Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 4-бабына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады. Мысал: бір азаматқа өткен жылдың 20 желтоқсанынан бері 26 729 теңге немесе күнкөріс деңгейінен 90 пайыз базалық зейнетақы тағайындалды.

Биылғы 1 қаңтардан оның мөлшері күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсімін назарға алсақ, 28 065 теңгені көрсетіп, 2020 жылдың 1 сәуірінен 29 402 теңгені құрайды (биылғы 1 сәуірден ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді. Оның 90 пайызы –
29 402 т.). Осы орайда айта кету керек, «2020-2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері – 40 411 теңге. Тиісті қадамдар еліміздегі 2,2 миллионнан астам зейнеткерді қамтиды.

Ал, «Атырау облысында қанша зейнеткердің зейнетақысы индексацияланады?» деген сауалымызды Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваға қойған едік.

– Облыста 60 512 зейнеткердің зейнетақысы индексацияланды, – дейді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 42 500 теңге, кешегі, 13 сәуірдегі мәлімет бойынша, облыстағы 50 065 адамға тағайындалып, 33 323-іне төленді. Бұл, әсіресе, ешқандай жәрдемақы алмай, үйде бір жастан асқан сәбиін күтіп отырған аналарға да демеу болуда.

  • Жалпы облыстағы 8914 мекеменің 12782 еңбеккерінен өтініш түсіп, күні кешеге дейін 2650 мекемедегі 8672 адамға 42500 теңге төлем төленген.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button