Үздіктерге – марапат
Мемлекеттік мереке қарсаңында Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты шара өтті. Алдымен, департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сағынбек Өмірзақов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық іс басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ «Өрт сөндіру қызметіне – 100 жыл» медалі азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы мен «НКОК» компаниясының өкіліне табысталды.
Орталық көпірден құлаған 13 жастағы қызды құтқару кезінде ерлік көрсеткен Ринат Нұрғалиев пен Жалғас Ибраим облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Жанар ҚАРЖАУБАЕВА,
облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.