ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Жиынға еліміздің Ұлттық Ұлан әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов қатысып, жеке құрам алдында сөз сөйледі.
— Әскери саладағы кәсіби кадрлар – еліміздің Ұлттық Ұланы жауынгерлік әзірлігінің басты құрамдас бөлігі. Бүгінде әскери жоғары оқу орындарын тәмамдап, Ұлттық Ұлан сапына келіп жатқан жас лейтенанттар аз емес. Қызметтерін жоғарылату бойынша олар резервке енгізіледі. Үнемі бақылауда тұрған әскерилер әр жылдары жоғары нәтижеге қол жеткізуде, — деген М.Сатов аталған әскери бөлімнің үздік жауынгерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Олардың қатарында ер азаматтармен тең қызмет атқарып жүрген кіші сержант Қырмызы Шайхина да бар. Шығыс Қазақстан облысында туып-өскен ол 2007 жылдан бастап Атыраудағы №5546 әскери бөліміне аға хаттаушы лауазымына қызметке орналасқан еді. Қазір азық-түлік қоймасының бастығы болып еңбек етуде.
Сондай-ақ, атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант Тимур Жүрсінов пен старшина Василий Лаврентьев те құрметке ие болды. Үздік жауынгерлерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңы әскери қызметкерлердің күшімен дайындалған концертке ұласты.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.