«Үздік балабақша тәрбиешісі» кім?
Жақында «SKILLS AKADEMY» мекемесі мен Martebe.kz ақпараттық білім порталы біріге отырып, «Үздік балабақша тәрбиешісі» ІІІ республикалық байқауын жариялаған болатын.
Ондағы мақсат – тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттырып, бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау, балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілетін дамыту. Аталмыш байқауда Сағыз ауылдық округіндегі «Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының І санатты тәрбиешісі Күміскүл Жұбатова өз бағын сынау үшін материалдарын жолдаған еді.
Қазылар алқасының шешімімен Күміскүл Жұбатова ІІІ орынды иеленіп, «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен мадақталды. Ал, осы байқауға тәрбиешіні қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін «Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының басшысы Сақыпжамал Ахметова мен әдіскер А.Қалдымұратова да Алғыс хатпен марапатталды.
Шолпан ЫҚСАНОВА,
«Ақбота» балабақшасының медбикесі.
Қызылқоға ауданы.