Зауыт қызметкерлері табиғатқа сый жасады
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорындарында өткен бір мезетте ағаш отырғызу бойынша ауқымды экологиялық акцияға қатысты.
Іс-шара ҚМГ-ның «Жасылдандыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасымен және ҚМГ Басқарма төрағасы Ахат Хасеновтің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру мақсатында әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Экочелленджге 200 зауыттық, оның ішінде бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен өндірістік және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ «АМӨЗ тағылымгері» жобасы бойынша білім алушылар да қатысты. Акция барысында АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағының 32,9 га алқабына карағаш пен күлтелі ағаштың 600-ден астам көшеті егілді.
Ғалымжан Жусанбаев бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындаудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.
-Бұл жай ғана экологиялық іс-шара емес, Атырау қаласы мен бүкіл Қазақстан үшін игі іс. Бәріміз де елдегі экологиялық жағдайдың жақсарғанын қалаймыз және зауыт қызметкерлері мұны іс жүзінде дәлелдеуде. Биылдың өзінде зауыт аумағына 2000-ға жуық көшет отырғызылды. Өткен жылы шаһарымызды көгалдандыру мақсатында қалалық әкімдікке 200 түп жетілген күлтелі ағаш тапсырдық, 10 мың түп ағаш отырғызу жөнінде меморандум жасадық. Былтыр осы аллеяда зауыттықтар еккен ағаштар қазір жайқалып өсіп тұр. Болашақта біз қаланы көгалдандыру акцияларына қатысып қана қоймай, өз бетімізше ұйымдастыратын боламыз, — деді кәсіпорын басшысы.
Айта кетейік, «АМӨЗ» ЖШС-нің санитарлық-қорғау аумағының жалпы көлемі 805 га құрайды. Қазіргі кезде аумақтың 28%-ы, яғни 225,4 га көгалдандырылып, абаттандырылған. Ағаштарды күту жұмыстарымен мердігер компания айналысады.