Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Зариф Бектеновтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды (ФОТО)

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Құрманғазы аудандық бөлімшесінің ғимаратына осы музейдің негізін салушы және тұңғыш директоры, туған өлке тарихын терең зерттеуші, алғашқылардың бірі болып жинақтаушылардың көшбасшысы ретінде дараланған тұлға, ұлағатты ұстаз Зариф Бектенұлы Бектеновтың құрметіне арналған мемориалдық тақтайшаның ашылу салтанаты өтті.

21272210_523649744694258_4416355366144435701_n

Шарада аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова, еңбек ардагері Иса Қараменов, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сымбат Калымова ел тарихының жанашыры болып, өмірлік мұратын игі де қастерлі іске арнаған Зариф Бектенұлының есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталатынын, өлшеусіз еңбегі әрқашан дәріптелетінін айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

21314361_523649988027567_8335932513648538723_n

Зариф Бектенов – Құрманғазы ауданының төлтумасы. Бектен қарттың үш ұлының үлкені. Баланың үлкені болған соң өмірдің бар қиындығын сезініп өскен. Ол 1942 жылы тоғызыншы сыныпты бітіріп, еңбекке араласады. Кеңес әскері қатарына барып азаматтық борышын өтеп оралған соң кешкі мектепке барып орта білім алады. Сөйтіп, Абай атындағы қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Одан кейінгі өмірі біз жоғарыда баяндағандай мектептің тарихшы-өлкетанушы мұғалімі ретінде туған жерінде өтті.

21430585_523651404694092_4975857921065600655_n

Республикалық «Әкелер даңқы жолымен», «Менің Отаным – Кеңестер Одағы» конкурстарының бес мәрте жеңімпазы. Оның зерттеу еңбектерін 40-тан астам мұражай, Ресей, Беларусь, қазақ кеңес энциклопедиялары редакциялары пайдаланғаны туралы мәліметтер бар. Тарихшы мұғалім, тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырушы әрі директоры ретінде Республика, облыс басшылығы тарапынан мақтау грамоталарымен, дипломдармен марапатталған.

21371324_523651271360772_3384008981526619167_n

Осындай құрметке лайықты жанға аудандық музей қабырғасына Зариф Бектеновке арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі аудан әкімі Бибоз Шаяхметовке және облыстық тарихи-өлкетану музейіні басшысы Рашида Хариповаға ұсынылды. Бұдан кейін тарихшы-өлкетанушының «Аманат-арман» атты эссе-естелік кітабының тұсаукесері де ұйымдастырылды.

IMG_4332-07-09-17-11-39

Шараға қатынасушылар З.Бектеновтың шығармашылығына арнайы дайындалған көрмені тамашалады.

Айнагүл ШАКУПОВА,

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button